Қaзaқстaндa былтыр oнкoлoгиялық aуруғa шaлдыққaндaр сaны 29 мың aдaмғa жeткeн. Бұл oсы күнгe дeйінгі eліміздe тіркeлгeн eң жoғaры көрсeткіш. Дeгeнмeн онколог маманың айтуынша, қазақстандағы онкологиялық аурулар көрсеткіші дамыған елдермен салыстырғанда айтарлықтай төмен. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты диреткорының орынбасары Әділбаев Дәурен Ғалымұлы Тengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында дерті әбден меңдеп кеткенде келетіндердің қатары әлі де сейілмей тұрғанын айтады.
Маманның сөзінше, қазіргі таңда арудың алдын алу туралы көп айтыла бастағандықтан мұны ескеріп, күтіне бастағандар артып келеді, дегенмен, бұл өте мардымсыз өсім болып отыр екен. Осыған байланысты ол дертке шалдықандығыңыз анықталса, мемлекеттік мекемеге келуге кеңес берді.
Дәурен Ғалымұлы © Тengrinews.kz
«Біздегі емдеу кеңес кезіндегі жүйеге негізделген. Бұл айтарлықтай прогрессив жүйе болатын. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бірден онкологиялық мекемелер желісі құрылды. Басты орталық Мәскеуде, ал кеңестік республикалардың астанасында ҒЗИ болды және әр облыс орталығында диспансер құралды. Диспансер толық аурухана болатын, онда химия және сәуле терапиясы да болды. Онкологиялық институтта ең күрделі онкология емделеді. Сондықтан ең сапалы емді онкологяиға шалдыққан адам тек ҒЗИ-да ала алады», — дейді Дәурен Әділбай.
Сонымен қатар, ол онкологияны ҒЗИ-да емдеу мен жеке клиникада ем қабылдау арасындағы айырмашылық туралы айтып берді.
«Жекеменшік клиникаларда осы уақытқа дейін онкологияны емдеуге құқы болмаған. Биылдан бастап аккредитациядан өте алғандарына ғана лицензия беріле бастайды. Өйткені осы уақытқа дейін әдетте жекеменшік клиникаларда онкологиямен тек хирург айналысып келді. Ал ҒЗИ-да хирург, химия терапевт, молекулярлы генетика, заманауи сәулелік терапия, қимыл-қозғалысқа, демге модуляцияланған. Яғни заманауи әдістер тек осында ғана қолданылады. Жекеменшік клиникаларда қалай емдеу керектігін көбіне хирург қана шешеді, ал мұндай шешім кемінде үш маманның келісімімен жасалу керек. Негізі қандай әдіспен емдеу бес-алты адамнан құралған мультидисплинарлық команданың жұмысы. Олар пациентті жан-жақты тексеріп, әркім өз аспектісінен қорытындысын айтып, емдеу әдісін анықтайды. Жекеменшік клиникаларда көбіне тек операция жасалады, ал одан кейінгі емнің қалай жүзеге асырылатыны белгісіз. Оның үстіне емді операциядан бастау қаншалықты қисынды болғаны тағы белгісіз болып қалады», — дейді Дәурен Ғалымұлы.
Сонымен қатар, елімізде қатерлі ісікті емдейтін жоғары мамандырылған радиациялық онкология орталықтары бар — Ақтөбе, Қарағанды, Семей, Алматы және Астанада. Онда мида орналасқан ұсақ ісіктерге де ем жасалады екен.
Онколог маманың айтуынша, көп жағдайда мұндай ауыр дерттің пайда болуына адамдардың өз денсаулығына немқұрайлы қарауынан болады.
«Жалпы обыр — ДНҚ-дағы мутация, бір жасушада пайда болған мутацияны ішкі механизм арқылы емделмесе, оның үстіне иммунды жүйе оны байқамаса ғана обыр пайда болады. Негізі обырдың пайда болуы оңай емес, жасуша қатерлі ісікке айналуы үшін көптеген кедергіден өтуі керек. Ең көп кездесетін обыр — адамның өзіне-өзі тауып алатын қатерлі ісік. Мәселен жылдар бойы шылым шегесіз, ал оның түтін құрамында ДНҚ-ға шабуыл жасайтын химиялық заттар бар. Міне, сіз күнде темекі шегесіз делік, химиялық заттар күнде шабуыл жасайды. Осыдан барып, күндердің күнінде қатерлі ісік пайда болады. Оның үстіне 20-30 жыл шылым шексеңіз. Бұлар кездейсоқ пайда болатындар қатарына жатады. Ал жасыңыз ұлғайған сайын оның қаупі жоғарылай түседі», — деп түсіндірді ол.
Осы ретте қатерлі ісіктен сақтанудың тегін және нәтижелі жолы салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтану екені айтылды.
«Айта кету керек, бүгінгі таңда ұсынылып отырған биологиялық белсенді қоспалардың иммунды жүйені көтеруге пайдасы жоқ. Олардың пайдасы дәлелденбеген. Иммунды жүйені расында күшейте алатын дәрмектер өте ауыр дерт түрлерінде ғана қолданылады. Бүгінгі таңда олар өте қымбат. Ондай иммунотерапия құны бір адамға жылына 500 мың долларға дейін барып қалады», — деп атап өтті маман.
Сонымен бірге, онкологиялық аурулардың алдын алудың екі түрі бар екен. Алғашқысы ауырмай тұрып, салауатты өмір салтын ұстану болса, екіншісі тексеруден өтіп тұру.
«Бізде ең көп тарағаны жатыр мойыны обыры, сүт безі және колоректал обыр. Негізі жатыр мойыны мен колектаралды обыр алдымен полип немесе эрозия түрінде пайда болады. Қатерлі емес ісік деңгейімен 5-10 жылда қатерлі ісікке айналады. Осы уақытта оны анықтауға болады. Осы кезде полипті алып тастаса, қатерлі ісік пайда болмайды. Сүт безі обыры мамография, жатыр мойыны обырына Папаниколау бояуы және колоректал обыр кезінде калда жасырылған қанға сараптама жасалады, егер қан табылса, колоноскопия жасалады. Бұл бүгінгі таңда ең көп таралған қатерлі ісік түрлерін ең нәтижелі анықтау жолдары. Амал не, қатерлі ісіктің барлық түріне скрининг жоқ. Сонымен қатар, айтарлықтай көп таралған өкпе обырын анықтаудың дәлелденген жалғыз әдісі төмен дозалы компьютерлік томография. Жатыр мойыны үшін үш жылда бір, папилома вирусы арқылы анықтайтын болса бес жылда бір рет те жетеді, мамография жыл сайын, колоноскапия кезінде ештеңе табылмаса келесі жолы бес жылдан кейін тексерілуге болады», — дейді дәрігер.
Маманның сөзінше, қазір еліміз бойынша қатерлі ісікке шалыну солтүстік және шығыс аймақтарда көбірек кездеседі. «Бұған әсер ететін факторлар көп, мәселен шығыс аймақтарда өндіріс орындары көбірек шоғырланғандықтан болуы мүмкін. А еліміздің солтүстігінде тұрғындардың оңтүстікке қарағанда орташа жасы жоғары, яғни, онда жастар аз, бала туу көрсеткіші төмен. Дегенмен бір ғана негізгі фактор ретінде көрсететін себеп жоқ. Ол жасқа, тамақтану мен өмір салтына байланысты болып келеді. Сондықтан ең ұтымды және ең арзан жолы ол өзіңізді күту. Салауатты өмір салты арқылы ДНҚ-ға зиянды заттарды азайтасыз. Көпшілік білетін тамақтануға байланысты әдеттер көкөніс пен жеміс-жидекті көбірек жеу. Қазыл етті азырақ тұтыну», — деп қорытындылады ол.