Синoптиктeр aлдaғы күндeрі eліміздe aяз бoлaтынын eскeрткeн eді. Мaмaндaрдың бoлжaмынa қaрaғaндa, сoлтүстік, oртaлық жәнe шығыс oблыстaрдa түнгі уaқыттa 30-39 грaдусқa дейін аяз түседі, бұл климаттық нормадан 7-10 градус төмен.
Осыған байланысты Tengrinews.kz тілшісі терапевт-кардиолог, жоғары дәрежелі дәрігер Лейла Оспановадан аяздан қалай қорғануға болатыны, күн суықта қалай тамақтану керектігі, сондай-ақ, үсіктің алғашқы белгілері кезінде не істеу қажеттігі жайлы сұрап білді.
Дәрігердің айтуынша, аяздан сақтану үшін бірінші кезекте жылы киіну керек. Сондай-ақ, ол дұрыс тамақтанудың маңызы өте зор екенін айтады.
«Ең бастысы — жылы киіну. Көшеге ешқашан да баскиімсіз шығуға болмайды. Барынша жылы киіну керек. Әйтпесе, гайморит, ринит ауруларына шалдығып, жақ-бет хирургиясынан бірақ шығуыңыз әбден мүмкін. Ал ас неғұрлым құнарлы болуы тиіс. Құрамында ақуызы көп тағамдарды жеген жөн. Алайда онда ет көп болмауы тиіс, барлығы орташа мөлшерде болғаны абзал. Шөптен дайындалған шайдың да пайдасы көп. Бірақ еш жағдайда газдалған немесе энергетикалық сусындар ішуге болмайды — себебі олар үсіп қалу процесін асқындырып жіберуі мүмкін», — деп ескертті Оспанова.
© Тұрар Қазанғапов
Дәрігер диеталық тағамдарды — тауық етінен жасалған тағам түрлерін, көкөніс пен жеміс-жидектерді жеуге кеңес береді.
Сондай-ақ, маман аяз болған күндері ботқа жеп, итмұрын шайын көбірек ішу керектігін айтады. Оның айтуынша, ботқа дене температурасының жылуын бірқалыпты сақтап тұрады.
Үсіктің алғашқы белгілері кезінде не істеу керек?
«Үсіктің алғашқы белгілерін байқаған кезде бірінші кезекте көбірек қимылдау қажет — жүру керек, секіру керек, қолмен жұмыс істеу керек. Осы кезде ғана адамның аяқ-қолдарындағы, саусақтарындағы қан айналымы жұмыс істей бастайды. Ең бастысы көбірек қимылдауға тырысу керек. Және де үйге келе салысымен ыстық шай ішіп, аяғыңызды ыстық суға салу керек», — дейді Оспанова.
© pixabay.com
Бұдан бөлек, дәрігер аяз күндері далада темекі шегудің денсаулыққа зияны көп екенін айтады.
«Біріншіден мұнда өкпенің созылмалы обструктив аурулары асқынады, қан айналымы дұрыс жүрмейді. Сондықтан осы кезде жүрекке көп қысым түсіп, адамның үсік шалу қаупі бірнеше есе артады. Қатты аязда темекі шегіп бара жатқан адамның аяқ-қолдарының перифериялық қан айналымы бұзылып, салдарынан ол гипертониялық күрт асқынуға, өкпенің созылмалы обструктив ауруына, бронхитке, пневмонияға, тіпті инфаркттың ауыр түріне шалдығады», — дейді Оспанова.
Бұл ретте дәрігер өзін-өзі емдеумен айналыспай, бірден жедел-жәрдем шақырып, стационардан арнайы жәрдем алуға кеңес берді.
Оқи отырыңыз:
Дәрігер маусымдық аурулармен қалай күресу керектігін айтты
Кондиционер тұрған жабық бөлме несімен қауіпті