Әлeумeттік жeлі қoлдaнушылaрының сaны күн өткeн сaйын aртып жaтыр. Oндa aдaмдaрдың бір-бірімeн xaт aлмaсуымeн ғaнa шeктeлмeйді. Қoлдaнушылaр өз пaрaқшaсы бұзылмaуы үшін нe істeу қaжeт? Пaрaқшa бұғaттaлсa кімге хабарласу керек және қандай әлеуметтік желі ең қауіпсіз? Tengrinews.kz тілшісінің осы сұрақтарына «Кибер шабуылдарды зерттеу және талдау орталығы» бірлестігінің жоба жетекшісі Ернат Атанбаев жауап берді.
Кибер гигиена дегеніміз не?
Атанбаевтың айтуынша, әрбір желі қолданушысы кибер гигиенаны ұстануы тиіс. Ол дегеніміз таныс емес сайттарға кіру алдында оның жеткілікті түрде қорғалғанын білу.
«Кез келген сайтқа кірмес бұрын онда HTTPS хаттамасы болуы керек. Осы арқылы сайттың қауіпсіз екенін білуге болады. Егер HTTPS хаттамасы болмаса онда сайтқа өту қауіпті. Бұл протокол браузердің «мекенжай жолында» болуы керек. Егер ол жоқ болса сайт қауіпсіз болып саналады. Негізінде браузерлер сайтқа өту қауіпті екені жайлы ескерту жасайды, сәйкесінше сайтқа өтпеу керек. Осы секілді сайттарға өткен жағдайда хакерлік шабуыл жасалып, сіздің әлеуметтік желідегі парақшаңызға кіруге мүмкіндіктер болады. Сондай-ақ көпшілікке қолжетімді Wi-Fi қызметін қолданатын болсаңыз парақшаңыздағы ақпараттар қаскөйлерге қолжетімді болуы мүмкін», — дейді ол.
Маманның айтуынша, күнделікті кіріп жүрген сайттарды ашпас бұрын оның атауын қарап шығу керек. Себебі көптеген сайттың көшірмесі жасалып, олар да қолданушының мәліметтерін иеленіп алуы мүмкін. Бұл сайттар түпнұсқаға ұқсатып жасалады, тек атауын білдертпей өзгертуі мүмкін. Қолданушы осы сайтқа өткеннен кейін хакерлік шабуыл жасалуы мүмкін.
Әлеуметтік желідегі парақшаңыз бұғатталса не істеу керек?
Маман қолданушының әлеуметтік желіде парақшасы бұғатталған жағдайда сол желінің қолданушыларды қолдау қызметіне жазу керектігін айтты. Қолдау қызметі әрбір әлеуметтік желіде бар және олар қысқа уақытта жауап қайтарады.
«Негізі қолданушының парақшасының бұғатталуының бірден-бір себебі әлеуметтік желінің қолдану құқығын бұзуы. Ол жайлы сол желіге тіркелер кезде «қолданушы келісімінде» қандай уақытта парақша бұғатталатыны туралы ақпарат жазылады. Бұғатталғаннан кейін де қолдау қызметіне хабарласу арқылы парақшаңызды қалпына келтіруге болады», — дейді ол.
Әлеуметтік желілердің қайсысы ең қауіпсіз?
Маманның сөзінше, барлық әлеуметтік желі өз қауіпсіздігіне жауапты. Әрқайсы әр түрлі деңгейде қорғалған. Біреуінің қауіпсіздік деңгейі басқасынан артық болуы мүмкін.
«Хакерлер сіздің парақшаңызға кіру үшін, алдымен аккаунтты бұзуы қажет. Оны бұзбай хакердің парақшадағы ақпаратты көруге мүмкіндігі болмайды. Парақшаңызды ешкім бұзбас үшін құпиясөздегі санның мөлшерін көбейту қажет 10-12 символ, оның ішінде сан және бас әріптер, сондай-ақ таңбалар болуы керек. Сондай-ақ сіздің әлеуметтік желідегі парақшаңызға таныс емес қолданушыдан түсініксіз сайтқа сілтеме жасау туралы хабарлама келсе, оны ашпау керек, себебі ол сайтқа өткен жағдайда сіздің парақшаңызды бұзып, оны үшінші тарап қолдануға мүмкіндік алады», — дейді Ернат Атанбаев.
Маман әлеуметтік желілерде қолданушыларға қосфакторлық аутентификацияны іске қосу қажет дейді. Осы функцияны қосу арқылы парақшаңыздың қауіпсіздігі арта түседі екен.
Айта кетейік, 2017 жылы Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтың Instagram және Facebook желілеріндегі ресми парақшалыры бұғатталған. Оның парақшасында 3 миллионнан астам жазылушысы болған. Кейін 2018 жылы оның Instagram желісіндегі екінші парақшасы да бұғатталған еді.