Бaлaның жыныстық тәрбиe aлу үшін aтa-aнaның oнымeн тeк сөйлeсіп қaнa қoйғaны жeткіліксіз. Бәрі бeсіктeн бaстaлaды. Бұл турaлы Tengrinews.kz тілшісінe псиxoлoг Ділдa Сaқтaғaнoвa aйтып бeрді.
Мaмaнның сөзіншe, бaлaғa жыныстық тәрбиe бeру бүгінгінің өтe өзeкті мәсeлeсінe aйнaлғaн. Өйткені соңғы уақытта балаларға мерзімінен бұрын жыныстық жетілу дейтін диагнозы жиі қойылатын болған.
«Балалар ғылыми-техникалық процестің қарқынды дамуына байланысты неше түрлі гаджеттер арқылы өз психикасы көтере алмайтын сексуалдық сипаттағы ойындарды және сол сияқты видеоларды көп көреді де, әсерленеді. Бірақ баланың организмі оған әлі жетілмегендіктен, түрлі деңгейдегі патологиялар болады», — дейді Ділда Сақтағанова.
Психологтың айтуынша, баланың жыныстық жетілуінде отбасының үлкен-кішілігі де рөл ойнайды.
«Қазақи болмыста баланың әлеуметтенуіне үлкен отбасылардың өзі әсер ететін. «Балалы үйдің ұрлығы жатпайды» дегендей, біреудің олқы қылығы бәріне әшкере болатын еді. Ал қазір отбасыларда бір-екі баладан, олардың жас аралығы да үлкен. Мұндай жағдайда баланың өзімен-өзі өсіп, бірге ойнайтын ешкімінің болмауы оның өз әлеміне еніп кетуіне әсер етеді. Бір жерде әсерлі, қызықты нәрсе болса, сіз оның орнына қара жұмысты таңдамайсыз ғой. Бала да солай өзіне әсерлі әлемді таңдап алады. Адам табиғатынан сондай. Көп баланың болуы жыныстық тәрбиенің қалыптасуына әсер етеді», — дейді ол.
Психолог қазақ болмысында жыныстық тәрбие негізгі мәселе болып қаралмағанын айтады. Оның мәлімдеуінше, бұрын моральдық ұстанымымызда ол бұзылмаған қалпында тұратын еді. Ал қазір бұзылған соң, мәселеге айналды. Бұл жерде тыйымдардың зор күші бар. Ол біртіндеп қалыптасатын нәрсе. Бір күн сөйлескеннен немесе бір кітап оқығаннан қалыптасып кете қоймайды. Бұл өмірлік жағдайлардан соң ата-анасының түзетіп, жол көрсетіп отыруынан қалыптасады.
«Қазақ табиғатында бала бесікте жатқаннан бастап жыныстық тәрбие алады. Жөргектен гөрі, сол таза бесікті қолданған жөн. Бала өскенше жөргек киетін болса, ол диференцациялауды, яғни, өзіне жиіркену сезімінің ара-жігін қалыпты жағдайда аша алмайды. Жөргектің басты қаупі — жыныстық жетілудің бастамасы. Ата-аналар ыңғайлы болғасын балаға жөргек кигізе салады. Оны жөргексіз өсіруге тырыспайды. Бұл біздің үлкен қатеміз», — дейді ол.
Бала өзінің қай жыныс екенін түсінетін арнайы уақыты болады. Бұл баланың тума қасиеттеріне байланысты. 2,5 жастан бастап қалыптасып, 5 жасында өзінің жынысын толық біледі. Міне, осы кезден бастап балаға қыз бен ұлдың арасындағы қарым-қатынастарды үйретіп, сол арқылы реттеуге болады. Мысалы, ұлды қыз балаша және керісінше еркелетуге болмайды. Ділда Сақтағанова осының өзі жыныстық тәрбиенің бастамасы екенін айтады.
«Қазақтардың баласымен бұл тақырыпта сөйлеспеуін орынсыз деп санаймын. Себебі қазақи болмыста жыныстық тәрбие ешқашан деградацияға ұшырамаған. Қазіргі гаджеттер мен ақпараттардың әсерінен баланың жыныстық қалыптасуында бұзылу бар. Бұрын үлкен отбасы болғандықтан әлеуметтену, бір-бірімен араласу деңгейі де жоғары еді. Әркімнің өз функциясы болатын еді. Мысалы, әкесі — әкелік, анасы — аналық, жеңгесі — жеңгейтайлық функция. Қазір отбасы құрылымындағы жүйенің бұзылуына байланысты жыныстық жетілу дұрыс емес. Мысалы, үлкен адамның жалаңаш жүре беруі. Ол қалыпты жағдай болып кеткен. Кей үлкен кісілердің әуретті жерлерін жаппай, ашық-шашық киінетіндері де бар. Жыныстық тәрбиені қалыптастыру осыдан. Осының бәрін көрген бала — бұл қалыпты жағдай деп ойлайды. Үлкендер баламен сөйлеспес бұрын, оларға үлгі бола білуі керек», — дейді ол.
Бұрын жыныстық тәрбиеге байланысты валеология пәні енгізіліп, оған қатты көңіл бөлінген еді. Бірақ бір мәселеге шектен тыс акцент жасау сол мәселенің өршуіне әкеледі. Негізі, жыныстық тәрбие ата-аналар арқылы емес, мектеп секілді әлеуметтік институт арқылы қалыптасуы керек.
«Оның өзінде бәрін ашып, мүшеқапты көрсету емес, аңыз-әңгіме, мысалдардың негізінде қалыптастыру қажет. Яғни, тікелей емес, жанама түрде қалыптасады. Ата-анамен анда-санда бір сөйлесу мәселені шешпейді», — дейді маман.
Оның айтуынша, жыныстық тәрбиеге қатысты қазақ тілінде кітап тапшы. Ал кітаптар шығатын болса, сарапшылар оларға ұлттық менталитет пен қазақи болмысты бұзбайтындай бақылау жасауы керек деген пікірін жеткізді.